Екібастұзда «Восточный» разрезінде жұмысшы мерт болды

19:21, 9 тамыз 2022

© Сурет: erg.kz

Қайғылы жағдай шамамен 11.35-те орын алды. Циклдік ағынды жабын учаскесінің электромеханигі болып жұмыс істеген марқұм 42 жаста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 тамызда сағат 11:35-те «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінде адам өліміне әкеліп соққан апат орын алды. 

Жөндеу жұмыстары кезінде барабанның айналма білігі босап кетіп, білік пен металл құрылымның турағыш бөлігі арасына электромеханик қысылып қалған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ер адам алған жарақаттынан оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!