Екібастұзда төрт жасар бала қашып кеткен балабақшаның басшысы жұмысынан босатылды

17:54, 7 қараша 2018
421

Екібастұз қаласының №22 балабақшасынан күндізгі сағат 12-де серуендеу кезінде төрт жасар қыз бала кетіп қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram-дағы @poleznyi_ekibastuzets парақшасында хабарланды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаеваның айтуынша, сағат 11:45-те орта топтың балалары серуеннен оралып, түскі ас ішу уақыты басталған. Ал, тәрбиешілер үшін ауысымдағы қызметкерлердің алмасу уақыты болған.

- Бірінші ауысымда жұмыс істеген Айтжан Шаймерденова әріптесіне жоғалып кеткен бала туралы хабарламай үйіне кетіп қалған, - деді бөлім басшысы.

Күндізгі сағат 12:00 шамасында «Уақ» дүкенінің жанында жалғыз өзі жүрген кішкентай қыз полицейлер назарына түсіп, тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне әкелген. Баланы тауып алғандары жөнінде полицейлер білім бөліміне хабарлаған.

-Біз баланы қаладағы балабақшалар тізімінен іздестірдік, - деді Жазира Хамзабаева.

– Соңында «Балбөбек» балабақшасының жеткшісі мен әжесі келіп қыз баланы алып кеткен.

Бүгін балабақшаның жетекшісі Лейла Оразбаева мен тәрбиеші Айтжан Шаймерденова жұмыстарынан босатылып, мекеме білім бөлімінің қатаң бақылауына алынды. Еске салайық, бір ай бұрын алты жасар қыз балалар павлодарлық №27 балабақшадан пәтерлеріндегі үй жануарларын көру үшін қашып кеткен болатын.

Дулат Райымбек




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!