Екібастұзда су құбыры мен кәріз жүйесі қалпына келтіріліп жатыр

12:41, 5 желтоқсан 2022

© Сурет: primeminister.kz

Екібастұзда 71 көпқабатты проблемалық үйлердің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штаб жетекшісі, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, бұл үйлердің барлық жылу қондырғыларында жөндеу жұмыстары аяқталды.

Оның сөзінше, қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жұмысы жүріп жатыр.

Бұған қоса мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіріп жатыр.

Екібастұзда барлығы  689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.

Қарашаның 27-сіне қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының әбден тозығы жеткенін хабарлады.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

4 желтоқсанда тұрғын үйлердің барлық жертөлелеріне жылу берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!