Екібастұзда өзін полицеймін деп таныстыратын алаяқтар ұсталды

10:04, 2 шілде 2022
183

© Сурет: Zakon.kz

Павлодар облысында өзін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасаған үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың бірі – тонау үшін бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғыны. Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет етті: өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындап, алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол несие ресімдеді.

Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 390-бабы 2-бөлігі бойынша осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!