Екібастұзда «мектеп маңын торуылдап жүр» деп айыпталған ер адамның кім екені анықталды
© Сурет: unsplash
Екібастұзда WhatsApp арқылы мектептер маңын бір ер адамның торуылдап жүргені туралы хабарлама тарап, ата-аналардан маза қашты. Полиция зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция аталған мектептердің бейне камераларын тексерген. Ал хабарламаға қосымша тіркелген суреттегі ер адамның бұл жайтқа түк қатысы жоқ болып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Алдымен қала тұрғындары бір-біріне №9 және №11 мектептердің маңында оқушы қыздарға жармасып жүрген ер адам туралы хабарлама жолдаған. Тұрғындар ата-аналарды мектеп оқушыларын үйге дейін шығарып салуға және мектеп қарсы алуға шақырған.
Қалалық полиция департаменті хабарламаның авторларын жинап, тергеу жұмыстарын бастады.
"Біз бейнекамера жазбаларын зерттедік. Кәмелетке толмағандаға жармасу фактісі расталмады", – деді полициядан.
Ал хабарламамен қосымша жарияланған ер адамның суретінің бұл іске еш қатысы жоқ болып шықты. Айыпталған ер адам мектептің жанында жай өтіп бара жатқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:17, 29 қараша 2024
Полицейлер ел азаматтары атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген қылмыстық топты әшкереледі
-
21:50, 29 қараша 2024
Астанада Рашид-ад-Дин мен Рузбихан еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті
-
21:05, 29 қараша 2024
«Қар, жаңбыр, көктайғақ». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 29 қараша 2024
Қарағандыда төрт жасар бала құтқарылды
-
20:42, 29 қараша 2024
Асхат Аймағамбетов қымбатшылықтың қай жақтан келуі мүмкін екенін айтты