Екібастұзда анасы мен қызы есірткі саудалағаны үшін 10 жылға сотталды
09:34, 16 қаңтар 2017
Екібастұз қаласының тұрғыны және оның қызы есірткі сақтағаны үшін кінәлі деп табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 1955 жылы туған К.Р атты азаматша мен оның 28 жасар қызы ҚР ҚК-нің 297 бабы, 3 бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша кінәлі деп табылды.
Сот оларды 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза тағайындады. Енді қылмыскерлердің мүлкі тәркіленіп, олар жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өткізетін болады. Сот өкілдері сотталған азаматшаның нәрестесінің бар екендігін ескере келіп, 1988 жылы туған азаматшаға қатысты жазаны 5 жылға кейінге шегеру жөнінде шашім қабылдады.
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, өткен жылы Екібастұз тұрғыны жеке тұрғын үйінің аймағында есірткі сақтап келген. Ондағы мақсат- болашақта сол есірткіні саудалау болған. 2016 жылы оларды тәртіп сақшылары құрықтады.
Тексеру барысында жеке тұрғын үйдің аймағынан ірі көлемде гашиш табылып, тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: inform.kz
Дереккөз: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:17, 23 сәуір 2024
Алматыда алдағы үш күн бойы жаңбыр күтілуде
-
15:57, 23 сәуір 2024
23 сәуірдегі түскі саудада доллар одан әрі құлдырады
-
15:43, 23 сәуір 2024
Алматыда полицей мен мопедистің соқтығысып қалуы бейнежазбаға түсіп қалған
-
15:28, 23 сәуір 2024
Көктемнің басынан бері 212 алматылықты кене шақты
-
14:58, 23 сәуір 2024
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады