Екі өңірдің аштан қырылған мал иелеріне өтемақы төленбейтін болды
© Сурет: видеодан алынды
Маңғыстау, Қызылорда облыстарында аштан қырылып жатқан мал иелеріне өтемақы төленбейді. Тек азығын алып, қалған мал басын сақтап қалуға Үкіметтен көмек беріледі, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Әзірге шығынның нақты сомасы есептелмеген. Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайдың бұлайша ушығып кетуіне тағы да әкімдерді кінәлады.
Бір ғана Маңғыстау облысында құрғақшылықтың кесірінен 1 300-ден астам мал басы арам қатқан. Оның ішінде 540 бас жылқы, 46 бас ірі қара және 492 ұсақ мал. Ауыл шаруашылығы министрлігі қалған төрт түлікті аман алып қалуына Үкіметтен 3 миллиард 500 миллион теңге қордан бөлуді сұрап отыр. Қазір "Каспий" корпорациясынан мал азығын арзандатуға 200 миллион теңге бөлінген. Ал маусымның 20-на қарай Маңғыстау облысына 600 тоннадан астам арпа жеткізіледі. Жалпы 1 700 тоннадан астам арпа осы өңірге бөлінбек. Ал жағдайдың бұлайша шиеленісуін министрлік жергілікті биліктегілердің шикілігі деп отыр.
Қайрат Мұтаев, ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары:
Негізі жергілікті әкімдік жағдайдың ушығып бара жатқаны жайында алдын ала хабарлауы керек еді. Малдың қырылып жатқанын ауыл шаруашылығы министрлігі өзі анықтады. Бұл қалыптасқан жағдай күзде ет бағасының қымбаттауына еш әсер етпейді. Себебі, қырылған мал басының саны өңірдегі жалпы көлемінің 0,1 пайызын ғана құрайды. Ет қымбаттамайды деген сенімдеміз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 20 сәуір 2024
Петропавлда гуманитарлық көмектің ұрланғаны туралы жалған хабар таратқан әйел жауапқа тартылды
-
13:16, 20 сәуір 2024
Сүйінші! «Міржақып. Оян қазақ» фильмі екі номинация бойынша үздік деп танылды
-
12:55, 20 сәуір 2024
Ақтөбе тұрғыны қызды зорлап, артынша оны жетінші қабаттан лақтырып жіберген
-
12:40, 20 сәуір 2024
Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медалға таласады
-
12:00, 20 сәуір 2024
Алматы облысында жұмыс істеп тұрған ірі есірткі зертханасы табылды