Екі автобус пен троллейбус Абай даңғылындағы жол қозғалысын бөгеп тастады

15:33, 15 наурыз 2018
436

Алматыда Абай даңғылында қоғамдық көліктер жолды жауып, автокөлік қозғалысын тоқтатып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға болған видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда 5 маршруттың троллейбусы 92 маршруттағы екі автобустың арасында қалып қойған. Олардың артында көлік кептелісі пайда болған.

Куәгерлердің айтуы бойынша, оқиға Абай даңғылында, Брусиловский мен Тұрғыт Озал көшелерінің бойында, батыс бағытта орын алған.

«Троллейбус автобусты басып озып, қашықтықты сақтамай, бір-бірін сызып өтеді. Екеуінің де кінәсі бар. Ал үшінші автобус оларды айналып өтіп бара жатқан. Бәлкім, жүргізушісі троллейбусқа тиіп кетпеймін ба деп, тоқтап қараған болу керек», - деп түсіндірді «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!