«Екі аптаға локдаун жарияланады» деген желідегі ақпаратқа қатысты министрлік түсінік берді

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда локдаун жарияланатындығы туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.
stopfake.kz порталы What’s App мессенджерінде алдағы уақытта енгізілетін жаңа екі апталық локдаун туралы ескерту таратылуда деп жазады. Хабарлама авторларының айтуынша, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
- Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ, – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ол сондай-ақ медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, баршаны тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
-
16:48, 15 қаңтар 2021
Мамин өз тағайындауына қатысты пікір білдірді
-
16:37, 15 қаңтар 2021
Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады
Пікір