Әйелі мен қызына пышақ жарақатын салған мектеп директоры бостандыққа шықты

01:07, 21 наурыз 2023

© Сурет: видео скрині

Ақтөбе облысында келіншегі мен өгей қызына пышақ жарақатын салған мектеп директоры сот залынан босатылды. Судья оның жақындарын өлтіруге ниеті болмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, үкімді тыңдауға жәбірленуші тарап келмеген. Олар аудан орталығынан онлайн-байланыс арқылы қосылған..

Осыдан бес ай бұрын Шалқар ауданындағы Жаңақоныс ауылында 37 жастағы мектеп директоры ұстаздар мерекесін тойлаған. Мас күйінде әйелімен жанжалдасқан. Жүкті келіншегіне пышақ ала жүгіріп, денесінің бірнеше жерін тілгілеген.

8 жасар өгей қызының да құлақ тұсын пышақпен осып өткен. Оған адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып, қамауға алынған еді, бірақ сотта жарақаттың жеңіл екені анықталған.

Судьяның айтуынша, айыпталушы ауыр қылмысқа барғысы келсе, әйеліне пышақ сұғуға мүмкіндігі болған. Сондықтан тағылған айып "тым ауыр" деп шешім шығарған.

Оған 5 ай қамауда отырғаны "жаза" болды деп есептеп, әйелі мен өгей қызына 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

"Сотталушының жәбірленушіні өлтіруге пиғылы, ниеті болмаған. Ол бір нақты пиғылсыз, белгілі бір ниетсіз әрекет еткен, ашумен. Өз әрекетіне жауапсыздықпен қарап, келтірген зиянға мән бермей, тек қорқыту үшін жеткілікті қандай да болсын бір күш қолданып, зиян келтіруге ниеті болмаған деп есептейді сот".Ақтөбе облысы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот судьясы Нұрлан Бақтығалиев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!