Әйелдер күресінен қазақ қыздары әлемдік рейтингте көш бастады

09:54, 7 желтоқсан 2021

© Сурет: @kazakhstan__wrestling

UWW рейтингінде

Әйелдер күресінен қазақстандық спортшылар әлемдік UWW рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың қортындысы бойынша UWW рейтингінде үздік үштікке кірген спортшыларға қаржылай сыйақылар тағайындалған.

Аталған рейтингте отандасымыз Жамилия Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесіндегі қыздар арасында бірінші орынды иеленсе, 65 келіде Гаухар Мұқатай үздік үштікті қорытындылады. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Биылғы жылға рейтинг үздіктеріне берілетін жалпы жүлде қоры 600 мың долларды құрайды. Бірінші орындағы балуандар 10 мың, екінші орын 7 мың, ал үшінші орын иеленген спортшылар 3 мың доллар сыйақы алады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!