Әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады – Нұр-Сұлтан ПД тергеуді бастады

15:39, 27 мамыр 2022

© Сурет: Zakon.kz

26 мамырда Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлап, олар ауруханаға түсті. Елордалық полицейлер сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Мамырдың 26-сы күні Алматы аудандық полиция басқармасына Бейбітшілік және келісім сарайының басты кіреберісінің алдында қатты желден баннер оңға қарай жылжып, құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқыс жағдайдан 12 жастағы қыз бен 34 жастағы әйел зардап шекті.

Полиция департаменті осыған орай тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Олардың айтуынша, әйел толық айыққанша ауруханада болып, стационарлық ем алады. Жасөспірім амбулаторлық ем алуға шығарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!