Әділет министрі: Түркістан облысының тұрғындарына құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ

13:05, 22 маусым 2018
606

Жаңа құрылған Түркістан облысының тұрғындарына құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Түркістан облысына тоқталайын. Әділет министрлігі жаңа облыстың құрылуына байланысты қосымша шығындар болады деп жоспарлап отырған жоқпыз. Біз жаңа облыстың құрылуына дайынбыз. Мемлекеттік орган ретінде және міндетті жұмыстарды ақылдасып жүргізетін мекеме ретінде аталған Жарлыққпен танысқан болатынбыз. Сондықтан, дайындық жұмыстарын жүргізе бастадық», - деді ол Халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

Сонымен қатар Марат Бекетаев Түркістан облысының тұрғындарына құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Жаңа облыс тұрғындарына құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ. Заң бойынша барлық паспорттар мен құжаттар заңды өз күшінде қалады. Олар жоспар бойынша, яғни мерзімі аяқталған соң, басқа құжаттарға ауыстырылады», - деді министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!