Әділбек деген тиран әйелін сабап, ваннада тұншықтырып өлтіре жаздады

11:26, 3 тамыз 2020

Алматы облысында тиран-күйеу өз әйелін өлтіре жаздады. Бірақ Қазақстанның полициясы күдіктіге қарсы кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша емес, орташа дәрежелі дене жарақатын қасақана салу бабымен іс қозғап жіберіпті. Әйелдің туыстары бұл жағдаймен келіспей отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл сұмдық оқиға жайында #НеМолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова жазыпты.

Алматы облысында тұратын Әділбек О. 15 жыл бойы отасып келген өз әйелін, төрт баласының анасын өлтіре жаздады! Туыстарының сөзінше, әйел сол тиранға тигелі бері күйеуінен толассыз таяқ жеп келеді. 4 ай бұрын әйелінің кетіп қалғанына қатты өшіккен ол, араға балаларды салып, әйелін қайтып келуге әрең көндіріпті. Сосын әйелін өлтіру жоспарын жүзеге асырмақ болған. Балаларды алдын ала әжесіне жіберген, сосын үйге коньяк әкеп, өзі ішіп, әйеліне де ішкізбек болады. Бірақ әйелі ішпей қойды! Содан тиран әйелін оңдырмай сабап, су толтырылған ваннаға қарай сүйрейді! Қылқындырып жатып: – Көзіме қарама, әйтпесе сені өлтіре алмай қалуым мүмкін деп кіжінеді. Сосын тоқпен өлтірейін деп қосылған фенді ваннаға салмақ болғанда, феннің сымының ұзындығы жетпей қалыпты, сол сәтте әйел қашып үлгерген, деп жазады Дина Смаилова.

Әйелдің жағы екі жерінен сынған, сөйлей алмайды. Ертең ота жасалады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!