Әдеп жөніндегі комиссия: Қарағанды әкіміне ескерту жасалып, аудан басшысы жұмыстан босатылды
© Сурет: pixabay
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Әдеп жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бұзушылықтарын талдау нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға аталған агенттіктің аумақтық бөлімшілерінің басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшылары, кадр қызметінің қызметкерлері, әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
"2024 жылдың басынан бастап 497 тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 6 935 бұзушылық анықталды. Талдау нәтижелері, мемлекеттік органдар лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық рәсімдер жүргізу және т.б. кезінде бұзушылықтарға жол берілетінін көрсетті", деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13 желтоқсанда.
Бұл ретте Ақтөбе және Павлодар облыстарының мемлекеттік органдарында конкурс рәсімдерін жиі бұзуға жол берілгені нақтыланады.
Тәртіптік тәжірибедегі бұзушылықтардың ішінде қызметкер бұзушылық фактілерімен келіспесе де, қызметкерлерді қызметтік тергеу жүргізбестен тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды. Кейбір жағдайларда қызметкерлер тәртіптік комиссияның отырыстары туралы хабардар етілмеген. Бұл олардың өзін қорғау мүмкіндігін шектеп, құқығын бұзады.
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезіндегі бұзушылықтардың басым бөлігі Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде, сондай-ақ Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарының мемлекеттік органдарында анықталған.
Жұмыс уақыты режимін сақтамау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
"Мемлекеттік қызметшілер тиісті рәсімдеусіз үстеме жұмысқа тартылған. Өз кезегінде, үстеме жұмыстың есепке алынбауы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды қиындатып, олардың мотивациясына теріс әсер етуі мүмкін. Жағдай жақсарту үшін агенттік басшыларға, кадр қызметтеріне және әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған практикалық құрал ретінде әдістемелік ұсынымдары бар мемлекеттік қызмет саласындағы жиі жол берілетін заңнамалық бұзушылықтар жинағын әзірледі". Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
Жинақта тексеру барысында анықталған бұзушылықтардың нақты мысалдары, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар көрсетілген. Сондай-ақ кадрлық қызметтер мен әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған мысалдар, кейстер және қадамдық іс-қимыл алгоритмдері ұсынылған.
Сондай-ақ Әдеп жөніндегі комиссия отырысында Қарағанды қаласының және Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданының әкімдеріне қатысты тәртіптік істер қаралды.
"Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан сынға себеп болғандығы анықталды. Анықталған фактілер негізінде комиссия "ескерту" түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Бұдан басқа, Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне қатысты тәртіптік істі қарау кезінде құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуге қатысты жер қатынастары саласындағы бұзушылықтарға, сондай-ақ тиісті бақылаудың болмауынан жер қатынастары саласындағы жүйелі бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде сараланды, осылайша оны атқаратын лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды", делінген агенттік хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:28, 13 желтоқсан 2024
Алматыда Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
-
23:11, 13 желтоқсан 2024
2027 жылғы бокстан Әлем чемпионаты Астанада өтетіні мәлім болды
-
23:02, 13 желтоқсан 2024
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
-
22:37, 13 желтоқсан 2024
Астананың сол жағалауында жарық қалпына келтірілді
-
21:57, 13 желтоқсан 2024
Астанада қазақ газеттерін замана талабына бейімдеу мәселесі талқыланды