East Wing компаниясы Ан-28 ұшақтарын қолданыстан уақытша шығарады

23:18, 21 қазан 2017
473

East Wing әуекомпаниясының Ан-28 ұшақтары қолданыстан уақытша шығарылады.

Азаматтық авиация комитеті адам шығынымен аяқталған соңғы әуе апатынан кейін осындай шешім қабылдап отыр. Уақытша шектеу Алматыдағы апат себебі анықталғанша сақталады. Естеріңізге сала кетейік, 3 қазан күні East Wing әуекомпаниясының Ан-28 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін 12 минуттан соң радардан жоғалып кетіп, ізінше апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан борттағы 5 адам да қаза тапқан еді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!