Дулат Бекбауов Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады
© Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бүгін, 30 қарашада Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 67 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 1/8 финалда Тайпей спортшысы Джиа-Джун Чиуан Вангпен қолғап түйістірді.
"Бойы қарсыласынан қарағанда ұзын жерлесіміз айқасты қашықтықтан бақылап, алға ұмтылған Тайпей өкілінің қателігін тиімді пайдаланды. Есеп: 5:0", делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін жарыс бастала салысымен Қазақстан боксшылары алты медальға таласу құқығына ие болғанын жазған болатынбыз.
Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 30 қараша 2024
Қазақтың көк туын Антарктидада желбіреткен блогер кім
-
16:31, 30 қараша 2024
Әмір Омарханов Мексикада өтіп жатқан беделді турнирде жартылай финалға шықты
-
16:09, 30 қараша 2024
Астана, Алматы, Шымкент: 30 қарашаға арналған шетел валюталары бағамы
-
15:56, 30 қараша 2024
Сирия әскері көтерілісшілердің Алеппоға баса-көктеп кіргенін мойындады
-
14:11, 30 қараша 2024
Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады