Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

09:12, 17 қыркүйек 2018
228

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!