Дубайда Рамзан Қадыровты кездестірген әнші Динара желіде жазба жариялады

15:50, 25 ақпан 2021
381

© Сурет: 365info.kz

Әнші Динара Қырықбаева Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыровпен жолығып, қызымен бірге түскен суреті мен видеосын желіде жариялады.

Динара Қырықбаева қызымен Біріккен Араб Әмірліктеріне демалып жүр. Дубайдағы сауда орталығының бірінше ол кездейсоқ Рамзан Қадыровты көріп қалған. Әнші оған жақындап келіп, қызымен бірге суретке түсуін өтініпті. Ахматұлы бұған қуана келісімін берген көрінеді.

"Менің қызымның да есімі - Айша. Сүйкімді өзі, біз жаққа қонаққа келіңдер" депті жылы лебіз танытқан Шешен елінің басшысы.

Айта кетсек, Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып, қазір шығармашылықпен айналысуда. Ол үш баланы тәрбиелеп қана қоймай, вайн да түсіріп, жуырда комедиялық фильмде де бой көрсетпек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір