Досаев теңге бағамының тұрақсыздығы себебін атады

11:18, 13 тамыз 2019

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамының ауытқып тұрған жағдайының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ішкі валюта нарығындағы жағдай "негізінен сыртқы факторлардың ықпалына" байланысты болып тұр.

- 12 тамыздағы жағдай бойынша бір доллардың бағамы 387,48 теңгені құрады, жыл басынан бері теңге 0,9% әлсіреді. Сыртқы сектордағы ахуал тұрақсыз, мұнай бағалары айтарлықтай құбылуда. 31 шілдеден 7 тамызға дейін бір апта ішінде АҚШ президенті Қытайдан келетін тауарларға баж салығын енгізгеннен кейін әлемдік мұнай бағасы барреліне 65,2 доллардан 56,2 долларға дейін күрт төмендеді, - деді Досаев.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк инфляцияның жеделдеуі қаупі жоғарылаған жағдайда, 2019 жылдың соңына дейін ақша-кредит саясатын қатаңдату мүмкіндігін жоққа шығармайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!