Досаев инфляцияны бекітілген дәлізге қайтаруға уәде берді

15:56, 20 қазан 2021

© Сурет: Павел Михеев / zakon.kz

Ұлттық Банк басшысы Ерболат Досаев Мәжіліс отырысында азық-түлік инфляциясын төмендету тетіктеріне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бізде жағдайды түзету қажет деген көзқарас бар. Бірақ тағы да айтамын, Қазақстан жаһандық экономиканың бір бөлігі болған соң, бұл мүмкін емес, - деді Досаев.

Сонымен қатар, ол азық-түлік инфляциясы мәселелерін шешу "төмен бағаны қайтару бойынша қол жеткізуде қойылған мақсаттардың ең бастысы" екенін айтты.

Біз алдағы жылы 2022 жылдың екінші жартысында жоғары шекті 4-6%,-ға оралғымыз келеді, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжілісте Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылау бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Инфляцияға қарсы ден қою шараларын іске асыру бойынша кешенді жоспар құрылды. Мәжіліс отырысында Премьер-Министр де, басқа ведомстволардағы әріптестерім де айтып өткендей, апта сайын кеңестер өткізіледі, цифрлық үкімет жұмыс істейді, мониторинг жүргізетін тұтас жүйе құрылған. Нақты шараларға байланысты айтатын болсақ, бізде екі бағыттағы шаралар бар. Жедел әрекет ету шаралары бар, сондай-ақ, жүйелі шаралар бар. Жүйелі шаралар ұзақ мерзімді сипатқа ие. Бұл 24 көтерме-тарату орталығын салуды көздейтін ұлттық тауар өндіруші жүйесінің құрылысы. Қысқа мерзімді шаралар бүгінде бағасы өсіп жатқан халық тұтынатын тауарларды сатып алуға байланысты, - деп түйіндеді ол.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!