Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

17:37, 16 қаңтар 2020

Қазақстан қор биржасында (KASE) 16 қаңтардағы шетелдік валюта сауда-саттығы қорытындыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Доллардың орташа алынған бағамы 377,71 теңгені (-1,96), сауда көлемі 145 730 мың долларды құрады.

15 қаңтарда биржадағы доллар бағамы 379,70 теңгені құраған болатын. Осы тұрғыдан алғанда, доллар 2 теңгеге жуық көлемде құнсызданды.

Ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 377,5-378,9 теңге аралығында сатып алынып/ сатылып жатыр.

Шетелдік валюталар сауда-саттығына KASE-нің 22 мүшесі қатысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!