Доллар 470 теңгеден асты

16:38, 30 маусым 2022

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,65 теңгеге қымбаттап, 470,34 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 70,26 теңгеге (+1,61) жетті.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,89 теңге болды.

Еуроның орташа бағамы 484 теңгеге дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-470 теңгеден, еуро 485-496 теңгеден, ресей рублі 7,5-8 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!