Димаштың Еуропаға туры Краснодар қаласында аншлагпен басталды

11:53, 17 ақпан 2020

Димаш Құдайбергеннің Еуро туры Краснодар қаласынан басталды. Әнші "Арнау" концерттік бағдарламасын жаңартып, көрермендеріне қайта ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Билеттер концерт басталмас бұрын сатылып кетті. 7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толы.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын қадірлеушілер Баскет Холлға концерттің басталар уақытынан әлдеқайда ерте жиналды.

Олардың арасында сүйікті әншісінің тірі дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келгендер аз емес.

Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты.

Бұл жолы Димаш көрермендерге "Арнау" бағдарламасын жаңа нөмірлермен жаңартып ұсынуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Краснодарда Димаш Құдайбергеннің концерті өтуде. Бұл әншінің үлкен еуропалық турындағы бастапқы нүкте, тур аясында әртіс өзінің «Арнау» бағдарламасымен Мәскеуде, Ригада, Прагада және басқа да еуропалық қалаларда өнер көрсетпек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!