Димаштың ең кішкентай жанкүйері желідегілерді тәнті етті

12:56, 15 қаңтар 2021

Интернет кеңістігінде Димаштың ең кішкентай жанкүйерінің видеосы пайда болды. Видеода кішкентай бала Димаштың әні өзіне ұнайтынын айтып, тіпті жақсы көретін әншісінің қылықтарына дейін өз қимылымен көрсетеді. Көп ұзамай бұл видеоны Димаш Құдайбергеннің өзі, одан соң композитор Игорь Крутой да желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодан ән тыңдаған баланың әннен керемет әсер алып отырғанын, көзін жұмып, әнге тұла-бойымен берілгенін көруге болады.

"Қандай сүйкімді балақай. Құдай қаласа, мықты азамат болып өсесің! Қайырлы таң, құрметті диерс" деп жазды Димаш Инстаграм парақшасында.

Ал ресейлік композитор бұл баладан жақсы дирижер шығатынын болжап, ата-анасына қазірден қам жасауға кеңес беріпті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!