Димаш марқұм жанкүйер қызға арнап ән шырқады

14:41, 21 ақпан 2020
184

Димаш Құдайбергеннің Еуропаға тур концерті Қазан қаласында жалғасты. Ол жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан әр жанкүйеріне көңіл бөлуге тырысты. Димаштың осы концерті үшін көптеген шетелдіктер Қазанға арнайы келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Димаш бұл концертінде 2019 жылдың соңында өмірден озған татар қызы Лейсан Сейітназароваға арнап ән орындады. Қатерлі ісік дертінен емделіп жатқан қыз "Димаштың әні бойыма ерекше күш сыйлады" деп еді. Алайда 2019 жылы Қазан қаласында өткен әншінің концертіне баруды қатты қалаған ол сол кезде кезекті химия терапиясын алып жатыпты. Мұны ести сала Димаш концерттен соң хосписке барып, Лейсанмен жүздескен.

Сонымен қатар, Димаш концертте қол соғып тұрған ардагерге ерекше көңіл бөліп, қасына келіп қол беріп амандасты. Қара көзілдірігін шешіп, үлкен кісімен құшақтасып суретке түсті.

Әншінің жеке концертінен жанкүйерлер ерекше ләззат алып, өз ризашылықтарын желіде толассыз жаудырып жатты.


Источник: zakon.kz

Пікір