Димаш Құдайбергеннің анасы ұлының концертіндегі ерекше кадрлармен бөлісті
© Фото: Zakon.kz
Димаш Құдайбергеннің анасы - Светлана Айтбаева 2025 жылғы 9 қарашада әншінің Барселонада өткен концерттінде түсірілген ерекше бейнелермен бөлісті. Онда халықтың Димаш үндеген "бейбітшілік" ұранын бір ауыздан қолдағанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаштың "Бір аспан астының тағдыры" шығармасы орындалған кезде аренаға жиналған сан мыңдаған адам бейбітшіліктің белгісі – ақ жалаудың символындай аппақ қолғап киіп, бейбітшілікті қолдайтынын білдіріп орындарынан тұрып кетті.
"Әлемге тек қана тыныштық керек! Бейбітшілік қажет! Адамзат соғысқа қарсы!...Өте әсерлі, жүректі толқытатын көрініс!",- делінген жазбада.
Бейне желіде кеңінен тарап, көптеген пікірлер жинады:
- Жан бала! Әлемде бейбіт өмір орнасын!
- Димаштың даусы – бейбітшіліктің үні!
- Қазақ деген ұлтымызды әлемге паш еткен Димаш дені сау, бақытты болсын!
- Қазақ елі осы бейбіт өмірді аңсаған, армандаған ел!
- Димаш – ел тарихындағы қайталанбас тұлға! Құбылыс! Әлем әншісі ғана емес, әлемнің елшісі!!!
Бұған дейін Астанада 2026 жылы Қайрат Нұртастың концерті өтетінін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





