Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

16:04, 23 мамыр 2018
519

Димаш Құдайбергеннің жақында ғана жазылған ағылшын тіліндегі «Screaming» әніне бейнеклип түсіріліп, ол жақында көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы даңқты әнші өз Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz.

«Бүгін түнгі 00.00-де ағылшын тіліндегі байнебаяным көрерменге жол тартпақ. Бейнебаян көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», - дейді ол.

Жаңа әннің композиторы - Muhgal. Ол Versini, Shakira, Rianna сынды мегажұлдыздарға ән жазған.

Айта кетсек, Димаш Құдайбергеннің күні кеше ғана Қытайдың Шенжень қаласында жеке концертін өткізген болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!