Димаш Құдайберген «Жаңа толқын-2021» халықаралық байқауында қазылық етеді

09:48, 22 шілде 2021

© Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Димаш Құдайберген "Жаңа толқын-2021" халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әншінің Instagram парақшасындағы ақпараттан белгілі болды.

Байқау Сочиде 19-25 тамыз аралығында өтеді.

Ұйымдастырушылар Димаштың төрт концертке қатысатынын атап өтеді.

22 тамыздағы концертке қатысу кездейсоқтық емес, өйткені биыл Димаш байқаудың қазылар алқасының мүшесі болады, делінген жарияланымда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!