Димаш Құдайберген Ресейдің ұлттық музыкалық жүлдесі рәсімінде өнер көрсетті

11:19, 4 желтоқсан 2020
373

Кремль сарайында "Виктория-2020" музыкалық премиясының салтанатты рәсімі биыл коронавирус пандемиясына байланысты алғаш рет көрермендерсіз өтті, деп хабарлады zakon.kz.

dimashnews.com сайтының мәліметінше, қызыл кілемді Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Олег Газманов, Артур Пирожков және басқа да танымал әншілер басып өткен. Әрине, олардың қатарында Димаш Құдайберген де бар. Ол – "Виктории-2020" сыйлығының "Үздік поп-орындаушысы" номинантына ұсынылған.

"Біз Димаштың осындай белді сыйлыққа ұсынылғанына өте қуаныштымыз және ол атақты әртістермен қатар шараға қатысады. Іс-шара көрерменсіз, тек телевизиялық форматта өтетіні өкінішті", – деді әншінің продюсері және әкесі Қанат Айтбаев.

Димаш композитор Игорь Крутойдың әні, мәтінін әлемге әйгілі әнші Лара Фабиан жазған Your Love әнін орындады.

"Виктория-2020" премиясы рәсімінің толық нұсқасын 18 желтоқсанда "Россия-1" телеарнасынан тамашалауға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!