Димаш Құдайберген Майкл Джексон мемориалы жанында түскен суретін жариялады

11:19, 21 мамыр 2022
312

© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Германияға келіп жеткенін айтып, жанкүйерлерін қуантты. Әлеуметтік желіде жарияланған суретте әнші поп-музыка королі Майкл Джексонға арналған мемориал жанында отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәлем, Германия. Мен Мюнхенде тұрмын. Ертең сұхбат беріп, конференцияда ән саламын, - деп әнші парақшасында ағылшынша жазып қойды.

Желі қолданушылары, әдеттегідей, әнші жазбасына қуана жауап қатып жатыр: олар композиторға сәттілік тіледі және фотосуреттің таңдалған орнын атап өтті.

  • Пах, кереметсің! Ертең сәтті өнер көрсетіп, бәрі ойдағыдай болуын тілейміз!

  • Менің кумирім Джексонмен күшті суретке түсіпсің!

  • Шын жүректен табысты, айырықша әрі ұмытылмас кеш өткізуіңді тілейміз! Шарықтай бер!

  • Артындағы сурет керемет", - делінген түсініктемелерде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!