Димаш Алматыда концерт береді

20:42, 30 маусым 2022

© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

2022 жылы 23 қыркүйекте Алматыда Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын, Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз! Димаш Құдайберген

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!