​Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаменті директоры болып тағайындалды

15:58, 3 тамыз 2020
480

​Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Дәурен Қуанбекұлы Сәбитов Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтаған.

2013-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік саясаты және логистика департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!