Дәурен Айдарқұлов жаңа “махаббатын” кездестірді

14:12, 10 қазан 2018
851

Жеке өмірі жұрттың жіті қадағалауында жүретін Айдарқұлов тағы бір сұлуды қаратудың қамына кіріскен. Бір қызығы арудың жүрегін жаулау жолында Ақботаның өзі жәрдемдескен көрінеді. Ал, атышулы актердің жаңа ғашығы небәрі 19-ақ жаста екен. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Дәуреннің фильмогрфиясын толықтыратын кезекті картина «Круиз» деп аталады. Актерлық құрам қазақстандық өнерпаздардан жасақталғанымен, продюсерлік жұмысы айыр қалпақты ағайындарға жүктелген. Ал, КВН түлегі Ашот Кещан режиссерлық еткен. Басты рөлде Айдарқұлов, оның ғашығын жас актриса Аяна Құсайынова сомдайды.

“Мен алдындағы кинолардағыдай өзімнің, былайша айтқанда махаббатым үшін күресемін. Кішігірім алаяқтың рөлін ойнаймын, әр-түрлі алдау тәсілдерімен ақша табу жолдарын іздеймін”, – дейді Дәурен.

Дәурен бұл картинада қарапайым отбасынан шыққан жігіттің кейпіне енсе, Аяна ауқатты әулеттің қызы. Құрылыс компаниясында қызмет етеді. Фильм желісінде дәл осы арудың жүрегін жаулау үшін түрлі қадамдарға барады. Ал, Айдарқұловтың өмірдегі жұбайы Ақбота түсірілім кезінде кинодағы ғашықтарға қолдау көрсеткен.

“Тәжірибесі үлкен. Сол себепті кейбір жағдайларда Ақботамен ақылдасқан жағдайым да болды. Ақбота егер былай ойнасам қалай болад, былай ойнасам қалай деп. Сол себепті Ақботаның кішігірім көмегі тиді деп айтса болады”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

“Дәурен түсірілім барысында қолдан келген көмегін аяған жоқ. Кәсіби тұрғыда мықты актер және өмірде жақсы адам екен. Жұбайымен де таныстым. Түсірілім алаңында біздің қасымызда болды. Өте жарасымды жұп. Олардың жеке басына айтылған кереғар пікірлермен келіспеймін”, – дейді актриса Аяна Құсайынова.

Ал, бірнеше мемлекеттің мамандары таспалаған романтикалық комедия келер жылдың басында отандық прокатқа жол тартады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!