Дәрігерлер: қалташалардағы шайлар денсаулыққа зиянды

10:54, 24 қыркүйек 2018

Мамандар не себепті қалташалардағы ыстық шайды ішуге болмайтындығын дәлелдеп берді, деп жазады reactor.inform.kz.

Дәрігелер қалташалардағы шайлардың зиян екенін айта отырып, оларды тұтынудан бас тартуға шақырады. Сарапшылардың түсіндіруі бойынша, мұндай шайларды дайындау үшін зиянды қоспалар қосылады екен. Сондай-ақ өнім бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұруы әбден мүмкін, ал бұл адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Қалташалар алдын ала спиртте не болмаса ацетонда еріген синтетикалық смолаларды толықтай сіңіреді. Мұндай техниканың арқасында қағаз анағұрлым температураға төзімді келеді. Қалташалар мөлдір түсті болмайды, өйткені оның ішіне шай жапырағы емес, оның қоқымы не тозаңы ғана салынады.

Сондай-ақ қалташаларға дәмдеуіштер де қосылатыны шындық.

Құрғақ құрамға бояғыш заттардың қосылуы – қалташалардағы шайларды тұтынудан қашудың бірден-бір жолы. Ал қоспадағы ароматизаторлар мен токсиндік заттар бауырға әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар дәрігерлер қалташалардағы шайлардың обыр мен бедеулікті туғызатынын да ескертеді. Сарапшылардың атап өтуінше, бұл шай жапырақты шайлардан дәмі жағынан өзгешеленбейді екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!