Дәрігер короавирустан емделгеннен кейінгі сауықтыру әдістерімен бөлісті

23:20, 6 желтоқсан 2021
203

© Сурет: pixabay

Ағзаның барлық күші оңалуға жұмсалып жатады, сондықтан тәбеттің болмауы - қалыпты жағдай. Мұндай сәттерде ағзаны сүйек сорпасы, компот, жеміс сусындары, итмұрын, қарлыған, мүкжидек немесе көкжидектердің қайнатпасымен қолдауға болады

Ресейлік отбасылық терапевт, клиникалық психолог-диетолог, нутрициолог Анна Ивашкевич COVID-19-дан емделген соң оңалту шараларын қабылдауға, оны дұрыс тамақтанудан бастауға кеңес береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Aif.ru атап өткендей, коронавирустан, ең бірінші кезекте иммундық жүйе зардап шегеді. Иммунитет әлсіреген кезде минералдар ағзадан шайылады, бұл оның жемісті және белсенді жұмысына кері әсер етеді. Денеңіздің ауруды түпкілікті жеңуіне көмектесу үшін диетаға отырып, тамақ рационында мырышқа бай тағамдарды енгізу керек. Мысалы, сиыр еті немесе сиыр бауыры, бұршақ сорпасы дегендей.

Тағы бір маңызды элемент — йод. Оны көкжидек, балдырлар, құрмадан табуға болады. Маман күнделікті каллорияны есептеуге кеңес береді, егер ол төмен болса, екі-үш дана құрма жеуге болады.

Тамақтану режимін күрт өзгертуге тағы болмайды, өзіңізге қаламайтын тамақты күштеп жегізбеңіз. Ағзаның барлық күші оңалуға жұмсалып жатады, сондықтан тәбеттің болмауы - қалыпты жағдай. Мұндай сәттерде ағзаны сүйек сорпасы, компот, жеміс сусындары, итмұрын, қарлыған, мүкжидек немесе көкжидектердің қайнатпасымен қолдауға болады.

Егер ет жегіңіз келсе, бұзау, сиыр еті немесе күркетауықтан тамақ дайындаған дұрыс. Олардда ағзаға қажеттінің барлығы бар.

Ақпарат сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіруге болмайды. Бұл ретте қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!