Дәрі-дәрмек сапасын қатаң бақылау қажет – Тоқаев

16:42, 22 мамыр 2019
329

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Ақтөбеде медициналық қызметкерлер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Дәрі-дәрмек нарығында бәсеке болмағандықтан, біздің азаматтарымыз дәріге артық ақша төлеп келді. Бұл – мүлдем әділетсіз! Сол үшін дәрі бағасын мемлекеттік реттеуге көштік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент дәрігерлерді өз міндетіне кірмейтін артық жүктемеден босату қажеттігін сөз етті.

– Дәрігерлерді қызметінен тыс жұмыстардан және міндетіне кірмейтін артық жүктемеден босату керек. Бұл жұмысты бүгіннен бастау қажет, – деді ол өз сөзінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!