Дәрі-дәрмек нарығында шешімін күтіп тұрған түйткілдер бар

22:54, 27 наурыз 2017

Жалпы жыл санап еліміздің денсаулық сақтау саласы жақсарып келеді. Мәселен, былтыр медициналық көмек 20 пайызға артып, 1 триллион теңгеден асқан.

Мемлекеттік қолдау мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылып жатқан жұмыстардың да ықпалы зор. 

Ал фармацевтика нарығында әлі де шешімін күтіп тұрған түйткілдер бар. Айталық, қазір дәрі-дәрмек өндіруші мен оны таратушы арасында тікелей байланыс орнату жағы ақсап тұр. «Осы мәселе жөнді жолға қойылса, баға да қолжетімді болады», – дейді мамандар. 

Қайрат Әубәкіров, фарминдустрия саласының маманы:  

-Негізгі мәселе Үкіметтің басқаруына байланысты. Ең бастысы бұл салаға білікті мамандарды дұрыс таңдай білу керек. Медицина саласына жыл сайын бөлінетін қаржының көлемі артып келеді, сондықтан оны реттеуге болады деп ойлаймын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!