Дәретханада қыздарды айнасымен сығалаған ер адам ұсталды

17:40, 15 қазан 2019
478

Павлодарда дәретханада қыздарды сығалап қарап жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"2019 жылы 12 қазанда ол сауда үйлерінің біріндегі әйелдер дәретханасына кіріп, 10 жасар қыз болған көрші кабинкаға қолын созып, айнамен қараған", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасының 1968 жылы туылған азаматын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Кеше әлеуметтік желілерде ер адамның суреті жарияланып, жаппай бөлісе басталды. Суретте Павлодардағы сауда орталықтарының дәретханаларына кіріп, шешінген әйелдер мен қыздарға айнасы немесе телефоны арқылы қарайтын еркек бейнеленгені айтылған.

Оқи отырыңыз: Павлодарда бір кісі айнаның көмегімен дәретханадағы қыздарды сығалаған


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!