Депутат Қытаймен арадағы адам мен тауар қозғалысын тоқтатуды ұсынды

13:25, 29 қаңтар 2020
367

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Құралай Қаракен Уханьдағы коронавирусқа байланысты бірқатар шараларды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз тек Ухань қаласында ғана емес, коронавирустық инфекция тараған Қытайдың басқа да қалаларындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін қарастыру қажет деп санаймыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚХР білім министрлігімен инфекция қауіпін жою кезеңінде біздің студенттерге демалыс беру туралы уағдалассын. Эвакуацияланған азаматтар өз еліне келген кезде аурудың инкубациялық кезеңін ескере отырып, медициналық бақылауға алынады. Сосын екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын тоқтата тұру қажет. Коронавирустық инфекцияға бойынша басқарылатын ақпараттық саясат жүргізу үшін Telegram-канал ашу керек, - деді Каракен.

Коронавирустық инфекция туралы жедел хабарлар үшін қолданыстағы Call-орталықты пайдалану керек, деп қосты ол.

- Сонымен бірге, Қазақстанның ҚХР-мен өте тығыз сауда-экономикалық байланысы бар екенін және біздің көптеген кәсіпорындарымыздың Қытай тарапымен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу міндеттемелеріне байланысты қазіргі жағдайды "форс-мажор" ретінде өзара тану мәселесін қарастыруды сұраймыз. Сонымен қатар, туристік операторлардан Қытай курорттарына жолдама алған азаматтарымыз тарапынан наразылық туындайды. Қазір туристік агенттіктердің міндеттемелер мен келісім-шарттардың орындалмауын өз кінәсі емес деп, клиенттерге ақшасын қайтарудан бас тартып отырғаны туралы ақпарат бар, - деді депутат.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!