Депутат елордадағы көше атауына Шыңғысханның баласының есімін ұсынды

12:27, 11 қыркүйек 2019
333

ҚР Премьер-министріне жолдаған өз сауалында депутат Бақытбек Смағұл елорданың басты көшелерінің біріне Жошы ханның атын беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Президент Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын атап өту туралы айтылды. Осы ретте Нұр-Сұлтандағы басты көшелерінің біріне Жошы хан есімін беріп, сол көше бойына үлкен ұлыс ханының ескерткішін қоюды ұсынамын, - деді Бақытбек Смағұл.

Оның айтуынша, бұл "біздің мемлекеттілігіміздің тарихын өз азаматтарымызға ғана емес, елорданың әр қонағына да насихаттайтын өнегелі дүние болмақ".

"Бұл біздің ұлттық рухымызды көтеріп, мемлекеттілігіміздің тарихын азаматтарымызға ғана емес, елорданың әр қонағына да насихаттайтын өнегелі дүние болады деп сенемін", - деп түсіндірді депутат.

Жошы хан Шыңғыс ханның бірінші әйелі Бөртеден туған үлкен. Ол - Орта Азияны жаулауға қатысқан ұлы қолбасшы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!