Депозиттерге кепілдік беру қоры «Қазинвестбанк» арқылы өтемді төлеуді аяқтайды

16:29, 10 тамыз 2018
386

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына агент банк «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалдық желісі бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуді аяқтайды. Салымшылар 13 тамызға дейін агент банкке төлеу туралы өтініш бере алады. Көрсетілген уақыттан кейін «Қазинвестбанк» АҚ салымшылары ҚДКБҚ тікелей жолығу қажет деп хабарлайды zakon.kz.

«Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелерін иеленуші банк «Альфа-Банк» ЕБ АҚ бір мезгілде бергеннен кейін клиенттердің шоттарында оң қалдықтар қалыптасқан соманы төлеу үшін агент банк болып тағайындалып, жарты жыл ішінде, 13 ақпаннан бастап филиалдар желілері арқылы жеке тұлғалардың өтініштері қабылдап әрі өңдеді, агенттік келісім негізінде ҚДКБҚ-ның қаражаты есебі мен атынан кепілдік берілген өтемді төледі.

Төлем басталған кезден «Қазинвестбанк» АҚ-ның 70 салымшысына кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы сомасы 2,07 миллион теңгені құрады. Олардың ішінде 8 салымшыға кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасы 1,81 миллион теңге немесе төлеуге жататын жалпы соманың 87,6%-ы өтелді. Талап етілмеген соманың көлемі 256 мың теңге.

13 тамыздан кейін кепілдік берілген өтемді жеке немесе пошта арқылы төлеу бойынша өтініш бере алады. Салымшы жеке өзі келгенде белгіленген нысанда өтемақы төлеуге өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын беру қажет. Салымшының өкілі келген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы беру қажет. Пошта арқылы өтініш жасаған кезде өтініш беруші ең аз құжаттар пакетін жіберуі тиіс: белгіленген нысанда өтемақы төлеу туралы нотариалды куәландырылған өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініш бланкісі ҚДКБҚ www.kdif.kz интернет-ресурсында қолжетімді. ҚДКБҚ мамандарынан ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40, +7 (727) 312 24 41 (Алматы қ.) телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

ҚДКБҚ мамандары сондай-ақ Телеграм мессенджерінде ақыл-кеңес бере алады: 27 маусымнан «KDIF | Сұрақтар мен жауаптар» чаты қолданыста. Жеке және пошталық жүгіну мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Достық даңғ. 136 («Пионер-3» БО), 8 қабат.

«Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелерін иеленуші банк «Альфа-Банк» ЕБ АҚ берген күннен бастап шоттарында оң қалдығы қалыптасқан жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқығы бар. Төлемнің ең жоғары сомасы:

• ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!