Денсаулық министрлігі өңірлерге қанша көлемде вакцина жеткізілгенін айтты

17:32, 14 сәуір 2021
404

© Сурет: inform.kz

Сәуір айының басынан бастап Қазақстан аймақтарына COVID-19-қа қарсы 923 мың дозадан астам вакциналар жеткізілді, деп хабарлады ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінгі күні бірінші компонентпен 435 мың адам, екінші компонентпен 170 мыңнан астам азамат егілді. Сәуір айының басынан бастап аймақтарға Sputnik V вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді, сәуір айының соңына дейін тағы 910 мың Sputnik V дозасы және басқа өндірушілердің 500 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, еліміздің екі миллионға жуық азаматын вакцинациялауға мүмкіндік беретін 25 мың QazVac та бар, - деді Марат Шоранов.

12 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуірдің соңына дейін еліміздің 2 миллионға жуық азаматын вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Жеткізу кестесіне сәйкес, ол кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Келесі 300 мың дозаны аймақтарға жеткізу ертеңге жоспарланған.

Сонымен қатар, сәуір айында шамамен 1,4 миллион доза вакцина жеткізіледі деп күтіледі, бұл сәуір айында еліміздің 2 миллионға жуық азаматы үшін вакцинаның қол жетімділігін қамтамасыз етеді, - деді Алексей Цой.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!