Денис Теннің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

09:17, 20 шілде 2018

Денис Теннің өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Zakon.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің кім екені анықталды.

Бір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдікті іздестіріліп жатыр.

Тергеу амалдарына қатысты басқа ақпарат таратылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Спортшыға шабуыл 19 шілдеде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында жасалды.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!