Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

18:12, 17 қаңтар 2019

Денис Теннің өлімі бойынша айыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот үкіміне сай, Нұралы Қиясовты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі, 7 және 8 тармағы бойынша, 192-баптың 2-бөлімі, 1 және 4 тармақтары бойынша айыпты деп табылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді.

Ал, ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 2 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 7 және 8 тармақтарына бойынша, 192-бабының 2-бөлімінің 1,4-тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 434-бабымен айыпталған Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу туралы сот үкімі шығарылды. Айту кету керек, сот Толыбаеваны ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша ақтау туралы шешім шығарды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!