Денис Мантуров «Достық» орденімен марапатталды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Денис Мантуровты екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты 225 жылдың 10 қарашасында Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан Президенті Денис Мантуровты екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Марапаттау рәсімі Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Сурет: akorda.kz
Еске сала кетейік, бұған дейін кездесу барысында Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Мемлекет басшысы алдағы сапарға ерекше мән беретінін және келіссөздердің сәтті өтетініне сенімді екенін атап өтті.
- Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында Ресейдің Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретінін айтты.
- Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымын жақын арада 30 млрд долларға дейін арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды.
- Ресей Қазақстан экономикасына салған жетекші инвесторлардың бірі екенін, өткен жылы жалпы инвестиция көлемі 4 млрд долларға жеткенін атап өтті.
- Қазақстанда көптеген ресейлік компанияның жемісті жұмыс істеп жатқаны екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсететінін айтты.
Денис Мантуров өз кезегінде қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды әрі қарай кеңейтуге дайын екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





