Демалыс және мереке күндеріне арналған ауа-райы болжамы

14:00, 13 желтоқсан 2019

Республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуін әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температураның төмендеуі күтіледі. Бірақ ол да ұзақ болмайды.

Дүйсенбі 16 желтоқсанда Ресейдің Еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттардың жылжуымен, жауын-шашын және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Республиканың көптеген облыстарында байқалған тұман және көктайғақ осы болжам аралығында да сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!