Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейтін болды

13:22, 26 маусым 2020

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Профилактикалық шаралар аясында қоғамдық көлік демалыс күндері (27-28 маусымда) жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік 29 маусымда (дүйсенбіде) жұмыс режиміне қайта оралады, - дейді Нұр-Сұлтанның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қоғамдық орындардың бәрі жабылады: саябақ, сквер, жағалау-жағажай және басқа да халық жиналатын қоғамдық орындар жабылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!