Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады деп күтіледі

11:58, 29 мамыр 2020
503

Қазгидромет 30 мамыр мен 1 маусымға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Скандинавия түбегінен ойысып шыққан антициклон еліміздегі аууа температурасын аздап төмендетті, бірақ жаздың басталуымен сынап бағаны көтеріледі деп күтіледі. Еліміздің тек солтүстік бөлігінде атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ал оңтүстігінде Ираннан келетін ауа массалары салдарынан ыстық және құрғақ ауа-райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады, - деп атап өтті метеорологтар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!