Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

17:32, 16 қараша 2018

Антициклон сілемі әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік және шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!